close
Тіл:
Тапсырыс қалдыру

Туберкулез микробактерияларының изониазид пен рифамлицинге дәрілік төзімділігін диагностикалауға арналған реагенттер жиынтығы.

2023 ж. 10 сәу.

Қазіргі таңда, Genenote-те  рифамипидин мен изониазид ингибиторына, және олардың аналогтары - бірінші кезектегі дәрі-дәрмектердің дәрілік төзімділігімен байланысты RpoB, KatG және InhA гендерінің статусын сапалы бағалау үшін  «MTB-RESIST-I тесті» жиынтығы қолжетімді.  


Туберкулезді емдеуге арналған негізгі дәрі-дәрмектердің бірі - изониазид пен рафимпицин болып табылады.

Алайда, мамандардың зерттеулері бойынша, туберкулездің терапиясын өткізу кезінде күннен күнге адамдардың көбісі дәрі-дәрмектерге дәрілік төзімділік көрсетіп жатыр. Статистикаға сүйенсек, әр бесінші адам терапия кезінде негізгі қолданылатын дәрі-дәрмектерге дәрілік төзімділік көрсетеді. Басым көпшілігінде бұл дәрілік төзімділік изониазид пен рифампицинге.
MTB-RESIST-I тесті рифампицинге, изониазидке дәрілік төзімділікті дәл анықтауға және  rpoB, katG мен inhA  гендеріндегі мутацияларды анықтауға мүмкіндік береді.
 
“MTB-RESIST-I тесті” жиынтығының негізгі  артықшылықтары

  1. Кез келген биоматериалды қолдануға болады, оның ішінде қан мен несепті да.
  2. Жиынтық 5 детекциялау арнасы бар  барлық ашық амплификаторлармен үйлесімді.
  3.  Бір пациентке 3 пробирка қолданылады.
  4. Жедел. Нәтижесі 125-165 минут ішінде. (дәстүрлі әдіс бойынша 8-12 апта)
  5. Дәлдік, жиынтықтың сезімталдығы мен ерекшелгі - 100%.
Басты бетке